«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЙЫЗЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНА ЖЕТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы» бүгін Жаңақорған жеріне ат басын тіреді. Үгіт-насихат мүшелерін сән-салтанатымен қарсы алған жаңақорғандықтар құрметті қонақтарды арнаумен қарсы алып, шашу шашты.
-Елбасы Н.Назарбаев бұл жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялағаны белгілі. Айтулы жыл мызғымас бірлігі мен бұлжымас татулығын ту еткен еліміздегі ең белді институттардың бірі-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Осындай атаулы жыл аясында аймақтарды аралап, ел бірлігін насихаттау жолындағы сапарларыңыз оң болсын,-деді мәртебелі қонақтар алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Р.Рүстемов.
-Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірілігімізбен бекем етсін, - деген үгіт пойызының директоры Ғ.Төлебаев Алаштың анасы атанған Сыр елі жұртшылығының дархан қонақжайлығына ақжарма лебізімен түйіндеді.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов аймақ жұртшылығының атынан қонақтарға ризашылығын жеткізді.