ЖАҢАҚОРҒАНДА ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТУДЕ
«Білім беру технологиялары - мектепке дейінгі оқу мен тәрбие үрдісін жетілдірудің басты жолы». Жаңақорған кентіндегі «Болашақ» балабақшасында осындай атаумен облыстық шеберлік сыныбы өтуде. Жалағаш, Қызылорда, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан жиылған мектепке дейінгі ұйымдардың 60 педагогы ортақ мақсатта тәжірибелерімен бөлісуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Бірінші кезекте қатысушылар «Ақылды ойыншықтар - ақылды бала» тақырыбында дайындалған балалардың өй-өрісін дамытушы ойыншықтармен танысты. Аймақтық сыныптың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі басшысы Б.Ибрагимов пен кент әкімі Е.Сейлов бүлдіршіндердің кемел келешегі үшін жасалып жатқан жиынға алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева «Оқу мен тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндамасын хабарлады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, шеберлік сыныбы соңында бала бағбандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шығармашыл педагогтар марапатталатын болады.