ДАРЫНДЫ ДАРАБОЗДАРДЫҢ БІЛІМ ДОДАСЫНДА ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ АНАСТАСИЯ ОЗА ШАПТЫ
Атыраудан ақжолтай ақпар. Дарынды дарабоздардың дүбірлі білім додасында жаңақорғандық Анастасия Балясникова оза шауып, жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бес күнге созылған білім додасына еліміздің 16 аймағынан, оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептерінен, Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты секілді елімізге танымал білім ордаларынан барлығы 556 оқушы қатысқан. Жалпы білім беретін пәндер бойынша гуманитарлық бағытындағы республикалық олимпиадада Анастасия қазақ тілі пәні бойынша жүлдеге ілікті. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің II-дәрежелі дипломына ие болған А.Балясникованы өзі оқитын №169 орта мектептің директоры А.Ахметов бастаған ұжым салтанатты түрде қарсы алды.
Айта кетейік, 10-сынып оқушысы Анастасияның бұл бірінші жеңісі емес, бұған дейін де ол аудандық, облыстық қазақ тілі байқаулары мен сайыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр.