ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ КҮН БАТАРЕЯЛАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫР
Қызылорда облысында кәсіпкер мемлекеттен алған грант есебінен ауылда күн батареяларынан шағын электр стансасын орнатып, отарлы мал шаруашылығына жағдай жасап отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылдық округінде орналасқан «Итаяқов» шаруа қожалығының басшысы Жалбызбай Итаяқов мал жайылымын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ең заманауи әдісті қолдануға бел буған.
«Күн батареяларын пайдаланып, жайылымдағы жағдайды жақсарту туралы идеямды «Даму» қорында бастан-аяқ баяндап бердім. Нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,5 млн теңгеге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Грант қаражатына Тоқтамыс ауылындағы мал жайылымы учаскесінде қуаты алты киловатты құрайтын күн батареяларын орнаттық, қазір өзіміз бен көршілерімізді жарықпен қамтамасыз етіп отырмыз, аграрлық бизнесіміз де өрге басты. Энергия әрқашан да қажет қой», - дейді Жалбызбай Итаяқов. Итаяқовтар отбасы мал шаруашылығымен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді.