ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАУЫҚ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ
Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов Кейден ауылдық округіне қарасты Қауық елдімекенінде болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ауданда мәселелі ауылдың бірі Кейден ауылдық округіндегі Қауық елдімекені. Себебі онда ауыз су мәселесі өзекті, мектеп, балабақша атымен жоқ. Ауылда тек 6 үй ғана бар. Осы аталмыш мәселелерді өз көзімен көріп, жағдаймен танысқан аудан басшысы ауыл тұрғындарының өзге жерге қоныс аударып, жұмысқа орналастыру үшін жасалып жатқан жұмыстардың жалғасын табуын тиісті сала басшыларына тапсырды. Сондай- ақ, елдімекен тұрғындарын осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.