НАУРЫЗДЫ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ҚАРСЫ АЛДЫ
Кеше Наурыз мерекесіне орай, Қаратау бөктерінде «Нұрлы Наурыз» атты мәдени шара өткізілді.
Қазақ елінің кең байтақ екендігін, дастарханымыздың молшылығын, қазақи дәстүрімізді, ұлттық өнері мен спортымызды насихаттау мақсатында өткізілген шараға ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудан ардагерлері, ауыл тұрғындары, аудан жастары ұлттық нақышта киініп қатысты.
Таудың бөктерінде көк майсада жайылып жүрген төрт түлік мал, балалардың асық, тоғызқұмақ, ауыл жастарының аударыспақ, теңге алу, көкпар ойындары, киіз, текемет басып, қымыз, қымыран құйған апаларымызды, әжелеріміздің ән салып, сайысқа түсуін және ұл - қыздарымыздың алтыбақан ойынын, қыз ұзату, бесік салу рәсімдері түгел өткізілді.