АУДАНҒА ТАНЫМАЛ САУДА ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
Жаңақорған ауданында отбасылық бизнесті кәсіп еткен Ашировтар жанұясының ілкімді істері өзгелерге үлгі болуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ЕрНұрБек» ЖШС-гі тұтынушыларына тағы бір тамаша тартуымен бөлісті. Ауданға танымал «Ақ жол» сауда орталығы жаңа ғимаратқа жайғасты. Енді Жаңақорған жұртшылығы алысқа сабылмай-ақ, алғашқы төлем жарнасын төлей отырып, 1,5 жылға дейін қалаған тауарын пайызсыз алып, өз бағасына бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Үйге қажетті тұрмыстық техникадан бастап, заманауи жихаз жабдықтары қолжетімді. «Хоум Кредит», «Еуразиялық банк», «Каспий банк» қызметкерлері жетісіне 3 мәрте келіп, келісім шарттарды рәсімдеу жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, құрылысқа қажетті барлық заттарды осы сауда орталығынан табасыз.
"Кентімізде кәсіпкерліктің кең өріс жайып, тұрғындарға сапалы да қолжетімді қызмет көрсету біздің басты мақсатымыз"- дейді, отбасылық бизнесті өрістеткен кәсіп иелері.