СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Жаңақорған ауданының тұрғынына Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесінде көлікті мас күйінде басқарған деген негізбен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Алайда толтырылған хаттама белгісіз себептермен, қасақана ұзақ уақыт бойы сотқа (2 ай 10 күн) жолданбаған. Аталған іс бойынша аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзышылықтарға жол берген полиция қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін шешу үшін жеке қаулы шығарылып, аталған қаулы Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментіне жолданғандығын мәлімдеді.
«Сонымен қатар, 11 ақпан 2015 жылы аудандық сотпен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467 бабының 6 бөлігімен А.-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе аталған негіздермен жауапқа тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты өндірістен қыстартылды. Құқық бұзушының әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруына жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде Қызылорда ОІІД-не жеке қаулы жолданған», - дейді Н.Қосанов.