ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Ана - бақыт, Ана - көктем, Ана - жыр!». Бүгін осындай тақырыпта Жаңақорған ауданы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында мерекелік іс- шара өтті.
Халықаралық әйелдер күніне арналған шараны «Жастарды қолдау орталығы» ММ аудандық бөлімі ұйымдастырды. Салтанатты кеш барысында қолөнер, зергерлік бұйымдарының көрмесі көпшілікке ұсынылды. Аудан басшысы Руслан Рүстемұлы асыл жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, мереке иелеріне гүл ұсынып, сый құрмет көрсетті. Мерекелік шара жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жігіттер қауымы аруларға арнап әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.