ЖАҢАҚОРҒАНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Апта ағымында «Заңсыздыққа төзбейміз» атты акциясы аясында Жаңақорған ауданындағы орталық базар аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Кент орталығындағы М.Көкенов көшесі бойындағы және аудандық «Қазақтелеком» мекемесі жанындағы бірқатар саударгерлердің «қызыл сызық» үстінде кәсібін дөңгелетіп отырғаны белгілі. Яғни, жаяу жүргіншілер жолына тақап, тауарларын пұлдап отырған сатушыларға тиісті заңдылықтар түсіндірілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі маманы Е.Жанболат, аудан прокурорының көмекшісі Е.Үмбетов пен тәртіп сақшылары саудагерлерге белгіленбеген орындардарда сауда жасауға болмайтындығын ескертті, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, түсіндірме барысында талап орындалмаған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін, одан әрі айыппұл арқалайтындығын кәсіпкерлер назарына салды. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында кәсіпкерлерді де бірлесе жұмыс жасауға шақырған сала мамандары «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қаперден шығармауға кеңестерін берді.