ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосановтың ұйымдастыруымен, аудандық соттың судьялары А.Бекботаев пен Б.Елшібековтер аудандық сот ұжымы атынан Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері, 93 жастағы Найманбай Құрбанов үйіне барып, келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, шапан жауып, ақшалай сыйлық табыстап, ақсақалмен сұхбаттасып қайтты.
Өз кезегінде, Ұлы Отан соғысының ардагері Найманбай ата сот ұжымына атқарып жатқан қызметтеріне үлкен абырой мен табыс, елдің бірлігі мен амандығын, барлық Қазақстан халқына бейбітшілік өмір тілеп, ақ батасын берді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі