ЖАҢАҚОРҒАН АЗАМАТЫ САЯТШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА ЕНГЕН
Құсбегілік - сонау ықылым заманнан бері халқымызбен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан төл өнеріміз. Міне, сондай бекзат өнерге бет бұрған әулеттің бірі – Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе ауылында тұрады. Ерболат Әлиев есімді азаматтың шаңырағы Олжа аталарынан бүгінге күнге дейін құс баптауды мирас етіп жалғастырып келе жатыр. Отағасының бұл көне дәстүрді қолға алғанына жиырма жылдан асыпты.
–Бұл құсбегілік нағыз халқының қанына сіңген көне дәстүр. Қазір үйде қаршыға баптаудамыз. Бала күнімнен осы ұлттық құндылығымызды айқындайтын құсбегілікке құмар болдым. Әкеміздің құсбегілікті қолға алғанына жиырма жылдан асты. Кешегі күнге дейін бүркітті қолға үйреткенбіз. Кейіннен қаршығаға көшті. Реті келгенде сырдың жағасына шығып қырғауыл, қоянға жемтік үшін шығамыз. Біздің ауланы аң-құс мекені десеңізде болады. Өйткені, біз тауыс та , қоян да асырадық. Негізгі кәсіп көзіміз егін шаруашылығымен айналысамыз. Жиырма гектар аумаққа жоңышқа ектік. Бүгінде үйімізде сегіз қазақы құмай тазымыз және екі сібірлік төбетіміз бар. Бұл асыл тұқымдары бүгіндері сиреп бара жатыр десек қателеспейміз. Тазымыз тумай жатып, тамыр-таныс, ағайын-туыстар хабарласып жиендік қылып иеленіп жатады–деп, сөзін түйіндеді нағыз саятшылыққа жаны құмар ұлы Е.Әлиев.
Айта кету керек, бұл әулеттің отағасы тазылары мен қаршығаларымен бірге «Алматы» баспасында басылған саятшылық туралы үлкен энциклопедиялық жинаққа енген. Одан бөлек жақында ғана Алматы қаласынан арнайы «Ұлы дала бояулары» деген экспедиция өкілдері суретке түсіріп, жинаққа енгізгелі жатқандығын хабардар етті.