АЙМАҚТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жаңақорған ауданы Жайылма ауылдық округінде «Жыр, терме – ұлттық қазынам» атты аймақтық термешілер байқауы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқауға Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық, Сунақата, Жайылма ауылдық округтері және Шалқия, Жаңақорған кенттерінен термешілер қатысып, бақ сынасты. Қазақтың қасиетті домбырасымен құлақтың құрышын қандыра жыр, термемен сусындатқан термешілердің бірінен бірі оза шапқандығы байқау барысында байқалып тұрды. Күмбірлеген қоңыр домбыраның назды үнімен күміс көмей дауысын ұштастырып орындаған термешілер көрермен ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша Манап Көкеновтың, Нұрымбет жыраудың термелерін нақышына келтіре орындаған Шалқиялық Нақыпов Бағдат бас жүлдені иеленді.