ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңақорған ауданында жұмыс сапарымен келген облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Меңлібаев пен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабанбаев бірқатар нысандарды аралап, жастармен жүздесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте Шалқия кентіне ат басын бұрып, онда «Шалхия-Цинк ЛТД» кенішінің бүгіні мен болашағы жайлы кеніш директорының кеңесшісі Н.Мұсабаев баяндап берді. Одан әрі аудан орталығындағы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында ауылдық округтерден келген жастар жетекшілері мен колледж студенттері, өзге ұлт өкілдері мен «Алтын белгі» үміткерлерімен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуда басқарма басшысының орынбасары Е.Меңлібаев аймағымыздағы жастар саясатын жүзеге асырудағы басым бағыттар мен әлеуметтік жобалардың мән-маңызына тоқталды.
Сонан соң жетекші партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында кент орталығындағы ҰОС-ардагері М.Сапарбаевтың өнегелі өсиеттерін тыңдап, ақ батасын алды.