ЖАСТАР ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТАРИХИ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАДЫ
Жаңақорған ауданында жастар жетекшілері тарихи жерлерге саяхат жасады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған шарада «Қара сопы» кесенесі мен «Қатынқамал» үңгіріне саяхаттады. Алғашқы кезекте XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген Қара сопы кесенесіне зиярат жасап, баба рухына Құран бағыштады.
Мұнан кейін көшбасшы жастар Қарт Қаратау қойнауындағы құпиясы әлі толық ашыла қоймаған «Қатынқамал» үңгіріне бас сұқты. Жолда «Ақ ата» бұлағының басынан салқын су ішіп, шөлдерін басты. Таудың басындағы бұл үңгірге жоңғар шапқыншылығы кезінде қыз-келіншектер мен балалар паналаған-мыс. Жаугершілік заман толастағанша сонда тіршілік еткен үңгірді жұртшылық «Қатынқамал» деп атап кеткен. Үңгір жайлы басқа деректер жөнінде жоба үйлестірушісі Ә.Сапарбекова бар білгенімен бөлісті.
"Басты мақсат, өскелең жастарды өткінемін таныстыру, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының бір бағыты бұл жастарды қазақстандық патриотизмге баулу – деді. Саяхат соңы тау етегіндегі Ақүйік өзенінің жағасында еркін пікір алмасумен жалғасты.
Шынар БЕКБАН