ЖАҢАҚОРҒАНДА БЕС БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Жаңақорғанда бес балабақша бой көтеретін болады. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тәжіғұлов олардың қай жерлерден салынатынын айтып берді.
Манап, Қызылмақташы ауылдары мен Бесарық стансасында 50 орындық, Сунақата мен Бесарық елді мекендерінде 90 орындық бөбекжай ғимаратының құрылысы басталмақ. Ал Өзгент ауылында 150 орындық ауылдық клуб құрылысының қамы жасалып жатыр.
Қ.Тәжіғұлов сараптама жүргізу кезінде мүдделі азаматтардың ой-пікірлері ескерілетінін атап өтті.