АУДАНДЫҚ ЕМХАНА «САЛА КӨШБАСШЫСЫ-2014» БОЛЫП ОТЫР
Жаңақорған аудандық емхана кәсіпорны «Сала Көшбасшысы-2014» номинациясына ие болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Ал, орталықтың 2012-2013 жылдардағы сараптамасымен сол тұстағы аудандық емхананың басшысы Жақсылық Әбдусаметов «Даңқ жұлдызы» орденін төсіне тақты.
Айта кету керек, 2014 жылы Ұлттық бизнес-рейтинг орталығы 2012-2013 жылдардың қорытындысымен ҚР кәсіпорындарының негізгі активтері мен міндеттемелері бойынша сараптама жасап, жалпымемлекеттік сараптама нәтижесін шығарып отыр.
Сондай-ақ, Ұлттық бизнес-рейтинг орталықтың сараптама қорытындысымен төмендегі сала мамандары да марапатталды. Аудандық емхана мекемесінің бас есепшісі М.Мұстафаев «Ерен еңбегі және жетістігі үшін» медалімен, емхана есепшісі Д.Сүйіндіков пен емхананың бас экономисті М.Жұбаниязовтар «2014 жыл маманы» Ұлттық сертификатын иеленді. Ал, абзал жанды ақ халаттылар арасынан емхананың дәрігер-терапевті Ж.Әбдірейімова «Үздік медицина қызметкері-2014» номинациясына лайық деп табылды. Барлық марапат иелерін құттықтаған ауданның бас дәрігері С.Ысқақов алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек ету керектігі жөнінде лебізін жеткізді.
Ұлттық бизнес-орталығы кешенді халықаралық рейтингтік жоба болып табылады. Ұйым ТМД мемлекеттері мен Кедендік одақта кәсіпорын қызметінің тиімділігіне баға беруші коммерциялық емес жалпымемлекеттік рейтинг ретінде кеңінен танымал.
Шынар БЕКБАН