ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҚОЙЫЛДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Жаңақорған ауданындағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық концерттік бағдарлама қойылды. «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен өткен мерекелік шарада кент әкімі Е.Сейлов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ә.Ахметов балғындарды құттықтады.
– Осындай жүздері жарқыраған жас жеткіншектерімізге туған бауырымыздай жанымыз ашып, қамқорлық көрсете алсақ бұл-адамгершілігіміздің айғағы. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайларын жақсартып, оңалту жөнінде және осы секілді әлеуметтік көмектердің қатары жылма-жыл көбейіп келеді. Яғни, олар қашанда мемлекет қамқорлығында деген сөз. Алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын» – деді, кент әкімі Е.Сейлов өз сөзінде.
Мұнан кейін балалардың шақыруымен ортаға Аяз ата мен Ақшақар келіп, өнерлі өрендерге сыйлықтарын табыстады. Өнерпаз жастар мерекелік әндер айтып, жиылғандардың жүзіне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.