АЯҚСУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАРАМАСТАН АУЛАСЫН ЖАЙҚАЛТҚАН БАҒБАН
Жаңақорған ауданындағы аяқсу мәселесі ақсап тұрған ауылда есік алдын бау-бақшаға айналдырған бағбан бар. Қаратөбелік Әбусейіт Бейсенов бұрындары алып техникаларды меңгерсе, бүгінде зейнеткерлік жасына жеткенде жасыл желекке жаны құмар. Жеміс-жидек ағаштарын бір-біріне будандастырудың қас шебері. Бүгінде оның бау-бақшасында долана, айва, алмұрт, алхоры, қара өрік, жүзімнің баяншірей, өгізкөз, мақпалшырын, тайпей, кішміш секілді түрлері жайнап тұр. Әбусейіт қарт доланаға алманы, айваны алмұртқа, жүзім түрлерін бір-бірлеріне будандастырып, бір ағаштан қос түрлі жемістер өнім беруде. Дейтұрғанмен әрбір істің өз қиыншылығы болады.
– Жердің құнары жоқ. Органикалық тыңайтқыштармен тыңайтып отырамыз. Аяқсу мәселесі тіптен қиын. Бау-бақшаны бір суарғанда үйдің қарасын көрмей бір жеті жұмыс істегендей боламыз. «Сумағар» каналынан келетін аяқсуды әзер арнамызға бұрамыз. Бірақ бәрібір бағбаншылығымды тоқтатпаймын. Жүрген жерімде көрші-қолаң, ағайын-туыс болсын ағаш отырғыңыздар деп насихат қыламын, – деп, жасыл желекке жаны құмар бағбан.
Жері шұрайлы болмаса да, ақшаң тұз тартқан топырақтан түрлі жеміс ағаштарын жайқалтып, өнімін отбасы игілігіне айналдырып, табиғат берген сыйдың қадірін ұғынуды балаларымен немерелеріне жадылап, өзінің сүйікті ісін ұрпағына ұлықтауды қаратөбелік бағбан мақсат етіп отыр.
Шынар БЕКБАН