АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев бүгінде қатарлары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінде болып, жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мереке қарсаңында дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеген аудан басшысы ардагерлерімізге Елбасының мерекелік құттықтау хатын және гүл шоқтарымен жаңа – жылдық сый-сияпаттарын тапсырды.
Сонымен қатар, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда алға қойған міндеттер туралы баяндап, өңірді дамытудағы жоспарларын да айтып өтті. Және 2015 жылы атап өтілетін мерейлі даталар, соның ішінде, әсіресе, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты ойымен бөлісті.
Айта кетейік, жалпы ауданда бүгінгі таңға 13 ҰОС ардагері бар.