«АЙТУҒА ОҢАЙ» СЫР СҰХБАТЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ӨТТІ
«Айтуға оңай» сыр-сұхбаты ауылда ұйымдастырылды. Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі №194 орта мектеп оқушылары еркін ойларын ортаға салды. Егеменді елдің Елбасы мен тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шәкірттер тілінде тақырыпқа арқау болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Білім ошағының басшысы М.Шалысбаев шараны ашып, сұхбат алаңында оқушылардың өз ойларын тартынбай жеткізуді сұрады. Озық ойлы оқушылар тақырып аясында тайсалмай түйгендерін тілге тиек етіп, көшбасшылық қабілеттің ұшталуы үшін тынымсыз еңбек пен азаматтық белсенділіктің аса қажеттігі жөнінде пікір білдірді. Шара қонақтары «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлім басшысы Н.Бакиров пен орталық маманы Н.Айдаров тақырып аясында орамды ойларын орынды жеткізе білді.