ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МҮШАЙРА ӨТТІ
Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым» тақырыбында аудандық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жазба ақындар мүшайрасы өтті, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығы мен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған мүшайраға 15-20 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, әр талапкер Тәуелсіздік және Тіл тақырыбында шығармаларын ұсынды.
Жас ақындардан оқ бойы озып шыққан №3 мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысы Т.Тасболатова І орынды, №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектеп оқушысы Ә.Әбілхайыр ІІ орынды, №51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары Н.Жүніс пен Д.Бекжан ІІІ орынды иеленді.