ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 3 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Жаңақорған аудандық аурухананың «Кәсіподақ ұйымы» төрағасы Сәкен Сыздықов бастаған бір топ азаматтар «Тәуелсіздік күнi» қарсаңында аудандық перзентханада болып, жаңадан босанған әйелдердi құттықтады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұйымның атынан аналарға туылған нәрестенiң жамылғылары мен киiмдерiн және балаға қажеттi медициналық дәрi-дәрмек қобдишасы, гүл шоқтарын тарту етті.
«Ел тәуелсіздігінің 23 жылдығы құтты болсын. Мерейлі мереке күні дүние есігін ашқан баларыңыз болашақта тәуелсіз елдің саналы да жауапкершiлiгi мол азамат болып қалыптасуына тілектеспін»,- деді өз сөзінде ұйым төрағасы.
Айта кетейік, 16-нан 17- не қараған түні перзентханада 3 сәби дүниеге келді. Оның екеуі ұл болса, біреу қыз бала.
Шынар БЕКБАН