ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАҚТАРЫН СЫНАДЫ
Жаңақорған ауданында «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Атамекен-Қазақ елі» атты жас суретшілер байқауы болып өтті.
Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға ауданның ауылдық округтерінен, кент орталығындағы мектептерден жалпы 28 жас суретші қатысып, бақтарын сынады.
Шарапатты шара аяғында қиялдарына қанат бітіріп туған жерге, елге деген ыстық сүйіспеншілігін қағаз бетінде өрнектеген жас дарындардың ең үздіктері анықталды. Нәтижесінде, №51 мектеп оқушысы Бауыржан Сейтқали 1-орынды иемденді. Ал Қыраш ауылынан келген Ақсымбат Іңкәрбек және №3 интернатының оқушысы Әйгерім Мырзахан 2 орынды, №125 мектеп оқушысы Данияр Қорғанбаев, Бесарық а\о Аружан Әбділла және Кейден а\о Жандос Құлтас 3 орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен қатысушы жастар «Жастар қолдау орталығы» МКМ-нің дипломдарымен арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.