ЖАҢАҚОРҒАНДА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Мен Қазақ елінің азаматы ретінде айтарым бар» атты өзге ұлт өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Басқосу барысында №169 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Шин, пән мұғалімі С.Изатова еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті ағынан жарыла әңгімеге арқау етті. Шара қонақтары кезінде көрші мемлекеттерге көшуге ұсыныс айтылғанда саналы түрде бас тартқандықтарына бүгінде еш өкінбейтіндіктерін жеткізді.
Кездесуде Әлшекей атындағы өнер мектебінің «Көркем-сөз оқу» үйірмесінің шәкірті Анастасия Болясникова М.Мақатаевтың өлеңдерінен тебірене жыр-шумақтарын орындады. Ал, армян ұлтының өкілі Лаура Андриасян «Анашым» әнін нақышына келтіре әуелетіп, одан әрі өзінің дөңгелек үстел тақырыбы аясында ойын ортаға салды.
Өз кезегінде бөлім басшысы Ә.Төлегенов Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы басым бағыттарын айта келе, келесі жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде аталып өтілетіндігі жөнінде сөз етті.