ЖАҢАҚОРҒАНДА ОҚУШЫЛАР ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖЕҢІСБЕК ЖӘПЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығы қарсаңында Жаңақорған ауданында «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты кең көлемді шара өтті, деп аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен шараға желтоқсан оқиғасына қатысушы Жеңісбек Жәпеков қатысты. Желтоқсаншы жерлесіміз ызғарлы жылдардағы естеліктерін өрбітіп, жиылған жас жеткіншектерге бүгінгі бейбіт өмірді бағалай білетін, елінің нағыз патриот азаматы болып қалыптасуларына тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде білім ошағының оқушылары Жеңісбек ағаларына арнауларын оқып, патриоттық бағыттағы жыр шумақтарынан шашу шашты. Шара соңында аудандық музей басшылығы құрметті қонаққа арнайы сый-сияпатын тапсырды.
Шынар БЕКБАН