ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ ЕТІЛДІ
Кеше Жаңақорған ауданының «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Мемлекет және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алқалы басқосуға аудан әкімдігі жанындағы ҮЕҰ мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелері, жастар жетекшілері қатысты. Еркін форматта өткен жүздесуде кент орталығындағы кейбір жарнама атаулары мен көше тазалығын әрбір бірлестік жетекшісі жүрген жерінде насихаттау мәселесі сөз етілді. Тіптен, кент орталығындағы шаңырақ көтерген жас жұбайлардың көлік серуенін мәдениеттілік пен өркениеттілікке үндеу жөнінде ұсыныстар көтерілді. Сондай-ақ тұрғындар арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру төңірегінде де біршама мәселелер орынды айтылды.
Басқосуды түйіндеген модератор, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерге барлық ҮЕҰ-өкілдері мен Жастар жетекшілері азаматтық тұрғыда белсенділік танытуын тілге тиек етті.