ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданындағы №10 ӨСБ-нің сынып бөлмесінде «ҚР Тұнғыш Президенті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстелге «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев пен Жаңақорған ауданы әкімі апартының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Ш.Ашимов және гарнизон бойынша жеке құрамы қатыстырылды.
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлім бастығы А.Сабырханов, Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына Тұнғыш Президенттің қосқан рөлін түсіндіру мақсатында баяндама жасап, Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын таныстырып өтіп, Елбасымыздың өзі айтқандай, дамуымыздың жедел, келешегіміз кемел болуы үшін сіздерді алдағы уақытта Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жолында бірлікпен, абыроймен қызмет атқаруға шақырды. Тек ең бастысы, елдігіміз еңселі, бірлігіміз бүтін, деніміз сау, әр ісіміз нәтижелі болғай деп жиналысты қортындылады.
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі