АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТ ОЙНАП ЖАРЫСТЫ
Жаңақорғанда «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығы үйінде 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ардагерлер арасында шахматтан аймақтық жарыс өтті.
Спорттық шарада аудан әкімі С.Тәуіпбаев жиылған игі жақсыларды мерейлі мемлекеттік мерекелерімен құттықтады. Әрі аға буын өкілдеріне жас ұрпаққа үлгі боларлық осындай сайыстарды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды сөз етті. Сонан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов Елбасына деген ел құрметін осылай айрықша айғақтауға арналған жарыста барлық қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, жеімпаздар аудан әкімінің тағайындаған қомақты қаржылай сыйақыларына және арнайы дипломадарға ие болды.