ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЖЕЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Жайылма ауылдық округінде ауыл клубының ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр тәрбие негізі» атты аймақтық әжелер сайысы болып өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қожамберді, Төменарық, Шалқия, Екпінді ауылынан келген ауыл әжелері төрт кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындау арқылы бақ сынасты. Сайысты ауыл әкімі Т.Сәйділлаев және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімінің басшысы Н.Бакиров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қабілет қарымына қарай өз өнерлерін ортаға салған әжелер сайысты өз-өздерін таныстырудан бастады. Кейін қазақтың салт-дәстүрлерінен театрландырылған қойылым көрсетіп, келін түсіру, қыз айттыру, құдалық, құрсақ шашу, тілашар секілді ұлттық құндылықтарымыздың мән- мағынасына кеңінен тоқталды.
Сайыс соңында сахна мәдениетінің сақталуы, сөз саптау мәнері мен әжелердің ерекше өнерлеріне әділ шешімін берген қазылар алқасы барлық қатысушыларға клуб меңгерушісі тағайындаған бағалы сыйлықтар мен марапаттауларын тапсырды.
Шынар БЕКБАН