ЖАҢАҚОРҒАНДА КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентінде мәдениет үйінің директоры Ғалымжан Дүйсембаевтың ұйымдастыруымен «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келінін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Шалқия кенті мен Құттықожа ауылынан ең шебер, пысық, сымбатты деген 6 келін қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып өтіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұнан соң, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті.
Айта кетейік, сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында қазылар алқасын ақ жаулықты әжелер құрады. Сайыс соңында үздік деп танылған келіндер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, сый- ияпаттар табыс етілді.
Шынар БЕКБАН