ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосановтың ұйымдастыруымен өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің өкілі журналист Қ.Ертасовтың, республикалық ақпараттық-танымдық басылым «Самала» газетінің тілшісі А.Баймұратовтың және аудандық заң консультациясының адвокаттарының қатысуларымен баспасөз брифингі өткізілді.
Брифингте 2014 жылдың 12 қарашасында ағымдағы жылдың 16 қазанында қаралып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 311 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектеліп, ішкі істер органдарының полиция капитаны арнаулы шенінен айырылған Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Д.-ның қылмыстық ісі, талап қоюшы Е.-ның жауапкер «Қожамберді ауылдық клуб үйі» МКҚК-ның директоры Т.-ның жұмысқа қабылдаудан бас тарту түріндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі