ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҒЫН МАРКЕТ АШЫЛДЫ
Жаңақорған ауданында кәсіпкер С.Сарбасов «Магнит» шағын маркеті тұтынушылар үшін есігін айқара ашты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқсаныншы жылдардың ортасынан белауа саудамен айналыса бастаған Сарбасовтар әулеті алғашқыда жеміс-жидек сатуды кәсіп еткен. Мұнан кейін орталық «Нұр» базарында азық-түлік өнімдерін пұлдаған бұл жанұя бүгінде ауданымызға белгілі кәсіпкерлердің бірі.
- Әуелі Міне, ұзақ жылдардағы кәсібіміздің нәсібін көріп, бүгін сауда үйін аштық. Кіші маркетімізде барлық тауар базар нарқымен саудалануда. Тұрғындар енді орталыққа сабылмай-ақ, қолжетімді әрі арзан бағада осы жерден іздегендерінің бәрін таба алады, - дейді кәсіптің бір ұшын ұстаған келіні А.Махамбетова.