ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАНҒАН ЖАСТАРДЫ ҚАЙТА ҚАТАРҒА ҚОСУ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН
Қоғамнан оқшауланып қалған жастарды қайтадан қатарға қосу мақсатында Жаңақорған ауданында 23 азамат аудандық тарихи-өлкетану музейінде болды, деп аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шалыс басып шатасқан 14-29 жас аралығындағы бұл азаматтар бүгінде аудандық қылмыстық - атқару инспекциясының есебінде тұр», - делінген хабарламада.
«Бүгінде аудан бойынша 23 маргинал жас тіркелген. Осы жастарымызды бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызбен, тарихи дәстүрлерiмiзбен таныстырып қана қоймай, оларға тусіндіріп, еліміздің экономикасын, ғылымын дамытуға, мемлекетімізді көркейтуге, ел үшiн еңбек етуге шақыру біздің алға қойған мақсатымыз. Ал осындай жұмыстарымыздың арқасында болмағанда бір маргиналды өз қатарына қоса алсақ, біздің еңбегіміздің еш кетпегені"- деген өз сөзінде экскурсияны ұйымдастырушы лейтенант А.Момбеков.
Экскурсия барысында музей қызметкері Б.Таждинов жастарды өлкетану музейінде жинақталған барлық жәдігерлермен таныстырды.