ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚОР 100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ
«Қайырымдылықтың қанаты кең» деген аталы сөзді ұстаным еткен «Көкен баба» қоғамдық қоры ауқымды қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлады Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қор аудандық орталық мешіт ауласында аудан бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға, жетім-жесірлерге, тұрмыс тауқыметін тартқан 100 отбасыға азық-түлік өнімдерін үлестірді. Сауапты шара барысында ел ағасы, баба ұрпағы А.Абдуллаев қор есебінен 6 жетім оқушыға қайырымдылық көмегін көрсетіп, қыстық киімдерін алып берді.
- Көкен батыр ұрпақтарына Алла разы болсын! Бүгінгідей қымбатшылық жайлаған заманда мына азық-түлік өнімдері көпке дейін азық болатын болды. Осындай қайырымды азаматтар қатары көбейе берсін, - дейді асыраушысынан айрылған Г.Ахметова өз сөзінде.