ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Жаңақорған ауданы Сунақ-ата ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде жаңа мешіт жағаматқа еісігін айқара ашты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Имандылық үйінің ашылу рәсімінде облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров Алла үйін соғудың сауабы хақында насихатын сөз етті. Мұнан кейін, аудан әкімі С.Тәуіпбаев бұл құтхана ауданымыздағы 31-ші мешіт екендігін тілге тиек етіп, имандылық ордасы ел игілігі мен бірлігіне қызмет етсе деген лебізін жеткізді», - делінген хабарламада.
«Әбу Тәліп» ата атындағы мешітті салған ауыл тумасы, ауданда ұзақ жылдар денсаулық саласында басшылық қызметті абыройлы атқарған Нұрілда Тәліповқа ауыл халқы ел атынан ат мінгізіп, зерделі шапан жапты. Соңыра, көпшілік имандылық үйінде мешітақысы намазы оқып, бабалар рухына Құран аяттарын бағыштады.
Шынар БЕКБАН