ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ АНТОН ПАНАРИН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Жаңақорған ауданының мәдениет үйінде мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында байқау ұйымдастырылды.
«Тіл - халық жанын танудың кілті» атты тақырыпта өткен байқауға 14-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқау қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 50 тест тапсырмасы, белгілі бір тақырыпта эссе жазу, монолог құру мен кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу шарттарынан тұрды.
Байқау қызықты әрі тартысты өтті. Барлық үміткер жастар білімдерін сынап, жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсетті. Ұлты орыс, кәріс, түрік болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар өз елін, оның тілін құрметтейтін нағыз азаматтар екенін көрсете білді. Соңында әділқазылар шешімі бойынша №169 орта мектебінің оқушысы Антон Панарин жеңімпаз деп танылып, облыстық байқауға жолдама алды.