«АПАНҚАҚТАН» ЖАНҒА ДАУА ІЗДЕГЕНДЕР САНЫ КӨП
Жаңақорған ауданындағы Апанқақ өңіріндегі шипалы суынан облысымыздың түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздеп ағылған кісілердің қарасы көп. Алматыдағы медицина қызметкерлері жылына бір рет су құрамын тексеріп тұрады. Олардың айтуынша, құрамында дертке шипа болар түрлі минералдар мен дәрулік элементтер бар «Апанқақ» минералды суы игерілген «Сарыағаш» курортынан да басым түсетін көрінеді.
Естуімізше, Апанқақ өңірі ертеде малшылардың қар, жаңбырдың қақ суын жинайтын, тақыр жерді бұталармен қоршап істеген науа іспетті болған. Шілде өтіп, күзгі жауын жауғанша суы пайдалануға жарайтын бұл апанды жұртшылық содан кейін «Апанқақ » деп атап кеткен деседі.
Апанқақ елдімекені Жаңақорған ауданынан 80 шақырым жерде Түгіскен массивінде орналасқан. Ал «Апанқақ» шипалы суы 42 С ыстықтықта, 800 метр тереңдіктен атқылап шығып жатыр. Шипалы суға бүгінде облысымыздың түкпір- түкпірінен дертіне дауа іздеп ағылған кісілердің қарасы көп.
«Бұл су өте таза, тұщы, ыстық және құрамында сынап пен йод бар. Сондықтан да бұл ыстық су түрлі тері ауруларына бірден-бір ем. Суға түскенде жұп түспей, тақ түседі. Тек мұнда келетін ойдым-ойдым жолдар түзеліп, асфальттанса, демалып жатып, емделетін арнайы тынығу үйлері салынса», - дейді жыл сайын шипа іздеп, 80 шақырым жерге сарсылып, шаршап жүрген халық.
Шынар БЕКБАН