ҚАЖЫЛЫҚ САПАРДАН ОРАЛДЫ
Кеше мұсылмандардың қасиетті мекені Мекке-Мәдинадан қажылық парыздарын орындап бір топ жаңақорғандық жамағат елге оралды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміз бойынша ауылдық жерлерде имамдық қызмет жасап жүрген 40 имам дін жанашырының демеушілігімен қажылық парызын өтеп қайтты. Оның ішінде Сыр өңірінен 2 имам қажылыққа аттанса, соның бірі кенттегі «Құм сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжаппаров. Ол 20 жылдан астам уақыт Ислам дінінің насихатталуына өзіндік үлесін қосып, көптеген сауапты істерге ұйытқы болып келеді. Осы жылдар аралығында Ержан қажының тәрбиелеген шәкірттері бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде имандылық жолында абыройлы қызмет етуде.
– Осындай ізгілік жолындағы ілкімді істерімді елеп-ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлік өкілдігі мен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына айтар алғысым зор. Қажылық барысында елдің тыныштығы мен ынтымағына молынан дұға тіледік - дейді Е.Сейтжаппаров қажылық әсерімен халықпен бөлісу сәтінде.
Шынар БЕКБАН