ҚОС ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ
Жуырда Жаңақорғандағы Кейден ауылында қаламгер әрі өнер зерттеушісі, қорқыттанушы Сейсен Мұхтарұлының 70, журналист Оразбек Мақсұтұлының 60 жылдығына арналған шара өтті.
Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтпембет ашып, Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Файзулла Сахиев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Арыстанбек Қонысұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, суретші Қайырбай Зәкіров пен қаржыгер Қалқазбек Әжібеков, «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары Қаныбек Әбдуов, ардагер Жасұзақ Аманбаев естеліктер айтты, қос қаламгердің қазақ руханиятына қосқан еңбектеріне тоқталды.
Конференцияда Сейсен Мұхтарұлының зерттеушілік қыры туралы айтылып, қаламгер мұрасын раухани азыққа айналдырудың жай-жапсары сөз болды.
Оразбек Мақсұтұлының облыстық «Сыр бойы» газетінде ұзақ жыл қызмет атқарып, өңірдің идеология саласына аянбай қызмет еткені, оның қаламгерлік қолтаңбасы жайлы естеліктер айтылды. Жалпы, өмірден өтсе де, көңілден кетпеген қалам иелерін жерлестері ерекше еске алды.