ЖАС ФЕРМЕР БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ ІРІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН ҚҰРДЫ
Сыр еліндегі жаңақорғандық жас фермер Серік Мырзабаев төскейден төрт түлікті түгел өргізіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүр.
«24 хабар» арнасының хабарлауынша, елу жыл бұрын еңсе көтерген Қыркеңсе ауылының тұрғыны шаруа қожалығын былтыр ғана құрғанымен, қорасын қойға, өрісін малға толтырып үлгерді. Еті тірі елгезек жігіт еліміздегі мал шаруашылығын қолдауға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр.
Серік Мырзабаев, шаруа қожалығының төрағасы:
- «Құлан» бағдарламасы бойынша 23 млн теңге, «Алтын асық» бойынша 10 млн теңге алдық. «Сыбағамен» 10 миллиондай алдық. Мемлекеттен аналық сиыр басына селекциялық жұмыстарына 18 мың теңге төлейді. Жылқының шырынды азығына 10 мыңнан аламыз. Алдағы мақсат – мал басын одан әрі көбейту, елге қымыз-қымыран өндіру
Шаруасына шыр біткен Серіктің қора-жайында қазір 60 шақты түйе, 200 бас сиыр және 300 бастай жылқы бар. Қой-ешкіні қар түсіп, жер қатқанша оты молдау жайылымда бағады. Фермер енді алдағы көктемде қолдағы түлігінің ет-сүтін сатуды жоспарлап жүр. Тепсе темір үзетін жігіт ірі және уақ малдың шөбін ала жаздай өзі жүріп дайындады. Шөп демекші, мал азығын дайындап та, шаш-етектен пайдаға кенелуге болады. Сол ауылдың тұрғыны Құрманғазы Ақбалаев әр гектардан 120 центнер жоңышқа орып, аудан бойынша үздік атанды. 10 жылдан бері шөп шабумен айналысатын шаруа қазір бүкіл Жаңақорған ауданын мал азығымен қамтып отыр.
Құрманғазы Ақбалаев, шаруа қожалығының төрағасы:
- Жұмыс, тірлік істеймін деген адамға ауылдық жерде барлық жағдай бар. Жоңышқаны осы ауданда қанша шаруа қожалығы бар, арғы беттегі, тау беткейіндегілердің бәрі шөпті бізден алады. Мемлекеттен биыл жаңа жоңышқаға гектарына 16 мыңнан берді. Ескі жоңышқаға 8 мыңнан берді. Оның өзі бізге жасалып жатқан көп көмек.
Жарты ғасыр бұрын шаңырақ көтерген алақандай ауылда бүгінде 40 шақты шаруа қожалығы бар. Төскейінен төрт түлік өріп, көсегесі көгерген елді мекеннің қазаны майлы, тұрмысы жайлы. «Елу жылда ел жаңа» деген осы. Еңбекпен еңсесін тіктеген өңір Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына да толайым табыстармен жетіп отыр.