АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен №163 орта мектебінің оқушыларына №10 Өрт сөндіру бөлімінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Құтқарушылар күніне орай ашық есік күні өткізілді.
№10 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына ашық есік ұйымдастыру барысында өрт сөндіру автокөліктері мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен құтқарушылардың қызмет көрсету орындары көрсетілді.
Оқушыларға алғашқы өрт сөндіру құралдары мен төтенше жағдайларда пайдаланылатын құтқару құралдары таныстырылды. Сонымен қатар құтқарушылардың 1 күндік тыныс-тіршілігі, олардың сабақ өтетін орындары және «Дабыл» сигналы түскендегі жауынгерлік әрекеттері көрсетілді.
«Ашық есіктің» басты мақсаты құтқарушылардың жұмысы мен қызметіне құрметпен қару және оқушылар мен мұғалімдердің өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында білімдерін дамыта түсу болды.
«Ашық есік» соңында оқушыларға «Өрттің алдын алу» тақырыптарында үнапарақтар таратылып, ҚР ІІМ ТЖК «Көкшетау техникалық институтына» түсу жолдары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушылары арасынан мектепті бітірген соң кәсібіи құтқарушылар мен мемлекеттік өрт бақылау инспекторларының шығатынына сенім білдірді.
Жаңақорған ауданы ТЖБ