МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Жанақорған ауданы әкімі Ғалым Әміреев Қытай Халық Республикасы «Nonchang Eurasian Industrial Co» Ltd компаниясының басқарма төрағасы У.Сунь мырзаман меморандумға қол қойды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан аумағында қуаттылығы 500 бас мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңын салу және вакуумдық қаптамада ет өнімдерін өндіру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық меморандумы ауданымыздың аграрлық саласын, экономикасын дамытуға өз әсерін тигізеріне сеніміміз мол.