БҮГІН ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕГІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ
Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесінің соңғы күнінде Жаңақорған ауданының орталық мешіті сауапты іске ұйытқы болуда. Халық игілігіне кент орталығындағы "Жаңа-ауыл", "Қорғантоғай", "Жаңа аурухана" бағытында үш қоғамдық көлік тұрғындарды тегін тасымалдауда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Ұлық мереке күні аудан әкімдігі мен аудандық мешіт ұйымдастыруымен "Айт" намазынан кейін Алла үйінің ауласында "Арқан тартыс", "Қаппен ұру" спорттық шаралары өтті. Мұнан кейін аудандық мәдениет үйінде "Ұлық мереке елге береке әкелсін" тақырыбында рухани кеш өтті. Сондай-ақ, айттың алғашы күні облыс орталығынан келген 20 жас кәсіпкер құрбандыққа 2 сиыр шалып, оның етін тұрмысы төмен 35 үйге 6 келіден үлестірді.
Шынар БЕКБАН