ҚОСҮЙЕҢКІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында 200 орындық жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Мыңға жуық тұрғыны бар ауылда мектеп мәселесі проблема болып келді. Бұрын асар әдісімен салынған білім ошағының әбден тозығы жеткен-ді. Өткен жылы заманауи талапқа сай мектептің құрылысы басталып, биыл аяқталып отыр. Қосүйеңкіліктердің қуанышында шек жоқ. Енді мұндағы оқушылар жаңа нысанда білім нәрімен сусындайды.
– Еңсесі биік мектепте асыл арманмен үкілі үмітті ақтайтын шәкірттер тәрбиеленіп шығуына тілектеспін. Ғимарат жаңарды, енді ұстаздарға қойылатын талап жоғары болатын болады. Бір жарым жылдың ішінде облыста 37 мектеп салынды. Ал Жаңақорған ауданында өткен жылы 6, биыл бес мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім саласына деген үлкен қолдау, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан соң аймақ басшысы Кеден ауылындағы №208 мектептің жұмысымен танысты. Мектеп жаңа. Барлық талапқа сай жауап береді. Бірақ мердігерлердің салғырттығынан құрылыс жұмыстары алты жылға созылды. Қ.Көшербаев облысқа басшы болып келе салысымен «сақалды құрылыс» мәселесіне қатты мән берді. Сол тізімнің қатарында осы мектепте болды. Бюджеттен тыс қаржы көздерінен құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
– Өз ісіне жауапсыздық танытқан екі мердігермен құқық қорғау органдары айналысады. Ғимараттың қандай қиыншылықпен салынғанын жақсы білесіздер. Өткен жылға ҰБТ қорытындысы көңілден шықпайды. Биыл сол олқылықтың орнын толтырыңыздар, - деді өңір басшысы мектеп ұстаздарына.
Облыс әкімі ардагерлер үйіне аялдап, қарттарды мерекелерімен құттықтады. Орталық алаң және аудандық мәдениет үйіне жүргізіліген күрделу жөндеу жұмыстарымен танысты.