ҚАРАТАУЛЫҚ ҚҰЛАН АҚЫН ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Қарт Қаратаудың етегінен нәр алған ақын, жырау Құлан Алдабергенұлының туғанына 155 жыл толуы құрметіне орай Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық ақындар айтысы өтті, - деп жазады «Халық» газеті.
Сөз өнерін жанына серік еткендерге жиналған көрермен қошеметін аямады, қолпаштап дем берді. Мәреге сүрінбей жеткен 3 жұпқа шаппа-шап айтысу бұйырды. Нақ ақынның сыналар тұсы да осы еді. Жасыратыны жоқ, кідірістеп қалғандар да, көсіле шапқандар да болды.
Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Төрехан Совет, ІІ орынды Тұрар Тілеулиев, І орынды Бексұлтан Орынбасар еншіледі. Бас жүлдені қармақшылық жас ақын Тұрар Бекмырзаев қанжығасына байлады.
Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Төрехан Совет, ІІ орынды Тұрар Тілеулиев, І орынды Бексұлтан Орынбасар еншіледі. Бас жүлдені қармақшылық жас ақын Тұрар Бекмырзаев қанжығасына байлады.