ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЖЕЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Қарттар күніне орай Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық клуб үйінде «Әжемнен шыққан алтын сөз» атты әжелер сайысы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайыста әжеге деген сүйіспеншілік сезімдері Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу, қазақтың салт -дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру көріністері көрсетілді.
Сайысқа 60-75 жас аралығындағы 6 әжеміз қатысты. 5 сынақ бойынша сынға түскен әжелеріміздің өнерлері, тапқырлықтары, шеберліктері, шапшаңдықтары бір-бірінен асып түсті. Сайыс соңында әділ-қазылардың шешімімен әжелерге түрлі номинациялар беріліп, сыйлықтар табысталды.
Шынар БЕКБАН