ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Жаңақорғандық жастар қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ, ХІІІ ғасырда Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған Сауран қалалары мен Сунақ Ата, Хорасан Ата кесенелеріне саяхаттап қайтты.
Саяхатты аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарламаларын қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қоры ұйымдастырды. "Тарихымды танып-білгім келеді" атты тарихи-танымдық экскурсия барысында жастар қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі, Отаны мен кең-байтақ тұрғылықты мекені болғандығына тағы бір көз жеткізді. Оларға осы жөніндегі ақпараттар айтылып, арнайы үнпарақтар таратылды.