«ЖАҢАҚОРҒАН АРУЫ-2016» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ақылына көркі сай, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан хабары бар, жүрегінде иманы, жүзінде жылуы бар «қазақ қызын» анықтау мақсатында «Жаңақорған аруы-2016» байқауы өтті, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы. Бұрымдылардың білімі мен біліктілігі сыналып, таланты таразыланған өнер бәсекесі тартысты өтті.
Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған бұрымдылар бәсекесіне санасына салт-дәстүрді сіңірген, ана тілді жетік меңгерген, ойы ұшқыр, талғамы жоғары, талапты да талантты сегіз ару қатысты. Байқау шарты бойынша үміткерлер төрт кезеңде өздерінің ой - өрісін, білім біліктілігін, өнерін көрсетіп, қазылар алқасының әділ бағасына ие болды. Өнерліге өріс кең. Сайысқа қатысушылар әсіресе, өз өнерін көрсетуде ерекше талпыныс байқатты. Бірі мың бұрала билесе, енді бірі әуелете ән салып, көпшілік қошеметіне ие болды.
Төрт кезең бойынша өткен арулар бәсекесінде қазылар алқасының шешімімен Таңелі Есіркепова бас жүлдені жеңіп алды. Енді ол, «Сыр аруы» байқауында Жаңақорған ауданының намысын қорғайтын болады.