ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДА «ТӘУЕЛСІЗДІК АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Шалғайдағы шағын ауылдың өз «Бәйтерегі» бар. Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде «Астана-Бәйтерек» монументінің шағын көшірмесі салынды, деп жазады www.24.kz сайты.
Елорданың айшықты нышаны іспетті нысанның мұндағы биіктігі – 13,5 метр. Ел Егемендігінің 25 жылдығына орай бой көтерген «Бәйтерек» қазір бүкіл ауданның мақтанышына айналып отыр. Ширек ғасырлық мерейтойға арналып «Тәуелсіздік аллеясы» ашылып, орталық көшелер абаттандырылды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында №168 Исатай Әбдікәрімов атындағы орта мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.
Мұхтар Бұрханов, Қожакент ауылдық округ тұрғыны:
- Мемлекеттің 25 жылдығына орай үлкен нысандар ашылып жатыр. Біз үшін өте қуанышты. Орталықта тұрған көшемізге, «Тәуелсіздік аллеясына», «Бәйтерекке» ауыл тұрғындары кешке жақын демалып, тыныстап қайтады. Еліміз жасыл желекке бөленіп келе жатыр.
Ермек Икрамов, Қожакент ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:
- Осы жылдың соңына дейін бізде балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Жергілікті қоғамдастық кеңестің шешімі бойынша жергілікті халықтан түскен салық осы балалар ойын алаңы, шағын футбол алаңын салуға және ауылдың арғы бетіне су өткізу – сол мақсатқа жұмсалады деп жоспарлануда.